Ұлттың денсаулығы

ДСМ Интероперабельділік платформаны енгізу бойынша жобаны таныстырды

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Электронды денсаулық сақтау республикалық орталығында Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласын ақпараттандыру мәселелері бойынша IT-компания өкілдерімен кездесті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Астана қаласы15 Ақпан , 20:03

Министр өз сөзінде Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында  денсаулық сақтау жүйесін қажетті ақпараттандырумен қамтамасыз бойынша берген тапсырмаларын орындау қажеттілігін атап айтты.

Кездесу барысында ҚР ДСМ-нің қолданыстағы ақпараттық жүйелерін сыртқы медициналық жүйелермен біріктіруге, халықтың электронды паспортын енгізуге, сонымен бірге, дәрігердің жеке кабинетін әзірлеуге мүмкіндік беретін Интероперабельділік платформасын енгізу бойынша жоба таныстырылды.

Отырыста бизнес қауымдастықтары мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында ынтымақтастық бойынша өзекті мәселелері, денсаулық сақтау жүйесін ақпараттандыру сервистік үлгілері, денсаулық сақтау жүйесін ақпараттандыру қызметін реттеуге негізделген қолданыстағы нормативті-құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу мәселелерін талқылады.

Жуырда ҚР ДСМ, ЭДСРО, мүдделі IT-компаниялардың қызметкерлері қатарынан өзара ынтымақтастық және ұсыныстармен дер кезінде алмасу мақсатында Сарапшылар кеңесі құрылатын болады. Сонымен қатар, министр барлық медициналық ақпараттық жұйені әзірлеушілерге министрлік жүйелерімен әрі қарай біріктіру мәселелерін анықтау мен кеңес беру мақсатында Интероперабельділік – платформасын таныстыру бойынша тапсырмалар берді.

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика