Парламент

ҰҚК арнайы орган қызметкерлерінің қылмыстық істерін тергеу құқығына ие болады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы орган қызметкерлерінің қылмыстық істерін тергеу құқығына ие болады, деді Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель Парламент мәжілісінің жалпы отырысында.
Астана қаласы15 Ақпан , 12:18

И.Меркель елдегі құқыққорғау жүйесін жетілдіру жөніндегі заңнамаға өзгертулер енгізу бойынша есеп берді.

«Тергеу сотына   жеңіл шаралар  құзырын тапсыруды кеңейтуді ұсынамыз, мәселен: елден шықпау туралы қолхат, жеке кепілдік. Сондай-ақ, қорғаушыларға   жеңіл шаралар бойынша   құқығын арттыру қарастырылған. Қазіргі таңда сот пен тергеу сотына   үйқамақ пен кепілдік беруді   санкциялауды тапсыру қажет», - деді И.Меркель.

Меркельдің айтуынша, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне арнайы орган қызметкерлерінің қылмыстық істерін тергеу құқығын беру қарастырылып отыр.

«Аталмыш өзгерту  қызметтің ерекшелігіне байланысты болып отыр, ол Жемқорлыққа қарсы күрес  жөніндегі Ұлттық бюро  бойынша  баламалы балансты қамтамасыз етеді», - деді ол.

Сондай-ақ, заңнама  құқыққорғау жүйені жетілдіру жөніндегі заң жобасы тергеушіге  прокурордың шешіміне арыз беру құқығын беру қарастырылған.

«Әрекеттегі заңнама бойынша  тергеуші прокурордың шешіміне арыз бере алады. Енді тергеуші прокурордың барлық шешіміне арыз тастай алады», - И.Меркель.




Яндекс.Метрика