ҚР ИИДМБ

Алматы облысында 72 жаңа өнеркәсіп іске қосылды

Алматы облысында 72 жаңа өнеркәсіп объектілері іске қосылды, әрекет етуші 34 өндіріс кеңейтіліп, қосымша 2526 жұмыс орны құрылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматы15 Ақпан , 16:38

Өнеркәсіпте 1,2% өсіммен 645,3 млрд. теңгеге өнім өндірілді.Өнеркәсіп құрылымында жалпы өндірістің 82,9%-і өңдеу саласына тиесілі, мұнда 534,7 млрд. теңгеге өнім өндірілді.

«Сүт өнімдерінің өндірісі – 6,8%-ке, крахмал және крахмал өнімдері – 44,1, сыра – 4,3, ашытқы – 7,5, темекі өнімдері – 3,4, фармацевтикалық өнімдер – 87,0 және электр құралдары 88,3%-ке артты», - делінген хабарламада.

72 жаңа өнеркәсіп объектілері іске қосылды, әрекет етуші 34 өндіріс кеңейтіліп, қосымша 2526 жұмыс орны құрылды.

«Талдықорған» индустриялдық аймағы инфрақұрылымының құрылысы толығымен аяқталды.

Жамбыл ауданындағы «Қазбек бек», Іле ауданындағы «Боролдай», Талғар ауданындағы «Қайрат», Қапшағай қаласындағы «Арна» индустриялдық аймақтарының ТЭН және ЖСҚ дайындау жүргізілуде. «G-4 City» қанаттас қалашығының аумағында «Береке» жаңа индустриялдық аймағы құрылуда.

Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында Текелі қаласында 500 жұмыс орнын құрумен, 8,3 млрд. теңгеге  «Bapy Mining» ЖШС-ның қайта балқытылған шойын алумен темір кенін өндіру және өңдеу зауыты іске қосылды.

Картаның 51 жобасының 43-і жоспарлы қуатына шықты, 4-уі орташа жүктемемен, біреуі төмен жүктемемен әрекет етуде, 2-уі тоқтап тұр: Талғар ауданында «Байсерке-Агро» ЖШС-ның сүт зауыты және ет өңдеу кешені.

Шағын және орта бизнестің әрекет етуші субъектілерінің саны 118,7 мың бірлікті құрайды. Салада барлығы 293,4 мың адам жұмыспен қамтылған немесе экономикалық белсенді халықтың - 29,1%.

 

 




Яндекс.Метрика