Халықаралық интеграция

Астана процесі жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға едәуір үлес қосты – шетелдік сарапшы

Астанада сирияаралық келіссөздер өткізу – Қазақстанның жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға едәуір үлес қосуы, деді «Clingendael» Нидерланд халықаралық қатынастар институтының директоры Рон Тон Қазақстанның Нидерландыдағы елшісі Мағжан Ілиясовпен кездесу барысында.
Әлемде15 Ақпан , 12:57

ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, М. Ілиясов әңгімелесу барысында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және билік тармақтары арасында өкілеттіктерді бөлуге бағытталған конституциялық реформа аясындағы бастамалары туралы айтып берді.

Бұдан бөлек, биылғы жылдың 23-24 қаңтарында Астанада өткен Сириялық реттеу жөніндегі халықаралық кездесу қорытындылары бойынша құрылған Соғысты тоқтату режимін нығайту жөніндегі бірлескен жедел топтың бірінші отырысының қорытындылары аясында Сириядағы жағдай туралы пікір алмасу өтті.

Директор Р. Тон Қазақстанның бітімгерлік бастамаларын және әлем мемлекеттері арасындағы даулы жағдайларды реттеуге және шиеленісті азайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады. Ол Астана процесі аясында Сирия үкіметі мен қарулы оппозициялық топтар арасындағы келіссөздерді реттеуде алғаш қадам жасалғанын атап өтті.

БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі Стаффан де Мистураның қатысуымен сириялық реттеу жөніндегі кездесулер БҰҰ қамқорлығымен Женева бітімгерлік келіссөздерінің кезекті раундын іске қосу үшін қолайлы жағдайлар жасайтыны атап өтілді. 




Яндекс.Метрика