EXPO-2017

Өзбекстан ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысады

Өзбек тарапы ЭКСПО көрмесінде баламалы қуат көзін өндірудің тиімді тәсілдерін алып келеді.
Әлемде 15 Ақпан, 12:39

Көрші елге ресми сапармен барған EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаев Өзбекстанның Сыртқы экономикалық қатынас, инвестициялар және сауда министрі Элёр Ганиев  және «Узэкспоцентр»  ХКО басқарма төрағасы  – Ұлттық секциясының комиссары  Иброхим Эргашевпен кездесті.

С.Ганиевпен кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынас пен оны дамыту мәселелерін талқылады. Қазақстандық дипломат   әңгімелесушіге ҚР Президенті Н.Назарбаевтың  халықаралық  бастамалары  туралы айтып берді.

Өзбекстанның Сыртқы экономикалық қатынас, инвестициялар және сауда министрі Элёр Ганиев әлемде көмірсутек қоры азайып келе жатқандықтан баламалы энергия көздерін қалыптастыру өте маңызды екенін атап өтті.

Ол айтқандай, көрмеге  өзбек тарапы баламалы қуат көзін өндірудің тиімді тәсілдерін алып келмек. Қазіргі таңда Өзбекстанның Самарқанд қаласында күн көзінен қуат алатын станция салынып жатыр екен.

Өз кезегінде, Р.Жошыбаев  22-23 ақпанда Астанада халықаралық қатысушылардың жиыны өтетінін айтты.

И. Эргашев өз сөзінде «жасыл технологияларды» дамыту мен мамандандырылған көрмеге қатысуға өзбек тарапы өте үлкен мән беретінін айтты.

Кездесу қорытындысында Р.Жошыбаев  және И.Эргашев  ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесіне қатысу туралы келісімге қол қойды. 





Яндекс.Метрика