Адами капитал

Алматылық кәсіпкерлер 100 млн теңгеге дейін несие ала алады

Алматылық кәсіпкерлер 100 млн теңгеге дейін жеңілдікті несие ала алады, деп хабарлады қала әкімдігі.
Алматы қаласы15 Ақпан , 13:48

Бизнес иелеріне тамақ өнеркәсібінің басым салаларындағы ШОБ субъектілерін қаржыландыру бойынша «Алматы Өнім» жаңа өңірлік бағдарламасы аясында қолдау көрсетілуі мүмкін.

«Несие Алматы әкімдігінің және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қаражаты есебінен 7 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Бағдарлама шарттарының бірі – ШОБ субъектісі тіркеліп, өз қызметін  Алматыда жүргізуі тиіс», - делінген хабарламада.

Кәсіпкер қосымша ресурстар алады, осы ретте Қор ақшалай қаражаттың игерілуіне мониторинг жүргізу құқығын өзіне қалдырады. Ақшалай қаражат айналым қаражатын толықтыруға, бизнесті жаңғыртуға немесе кеңейтуге бағытталуы мүмкін. 




Яндекс.Метрика