Халықаралық интеграция

Астанада Сирия жағдайын реттеу жөніндегі келіссөздер 16 ақпанға ауыстырылды

Сириядағы жағдайды реттеу бойынша кезекті жоғары деңгейдегі отырыстың басталуы 2017 жылғы 16 ақпанға қалдырылады, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
Астана қаласы15 Ақпан , 10:12

Ақпанның 15-16-сы күндері елордада Сирия мәселесі бойынша кезекті кездесу өтеді деп жоспарланған еді. Аталған шаралар Астана процесі аясында басталған. 

Астанадағы кездесуде Сирия жерінде әскери іс-қимылды тоқтату режимін сақтау мәселелері және белгілі аумақтарда аxуалды тұрақтандыру жайы сөз болады. 

Еске салар болсақ, бірінші кездесу 23-24 қаңтарда Астанада сириялық реттеу жөніндегі халықаралық кездесу өтті.

 Одан кейін 6 ақпанда Астанада Сирия дағдарысын реттеу бойынша xалықаралық теxникалық кездесу ұйымдастырылды. Сирия бойынша өтетін кездесуге АҚШ-тың қатысатындығы белгілі.

 

 




Яндекс.Метрика