Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Чех сарапшылары Н.Назарбаевтың президенттік билік өкілеттіктерін бөліп беру шешімін қолдады

Қазақстанның Прагадағы Елшілігі ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері туралы жолдауын және «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Халыққа жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді.
Әлемде 15 Ақпан, 11:32

Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша,  аталған іс-шараға Чехия Үкіметінің, Сыртқы істер министрлігінің, алдыңғы қатарлы талдау орталықтарының, іскерлік топтарының және БАҚ өкілдері қатысты.Елші С.Әбдікәрімов кездесу қатысушыларына еліміздегі демократиялық өзгерістерге және Қазақстанның алдағы перспективадағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған конституциялық реформаның мақсаттары мен үшінші жаңғырту стратегиясының мазмұны туралы толық айтып берді.

Қазақстандық дипломат Қазақстан мен Чехия арасындағы серпінді дамып келе жатқан ынтымақтастық туралы да баяндады, сонымен қатар Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі лауазымындағы іс-қимылы, Иран ядролық бағдарламасының, украиналық, ресейлік-түркиялық және сириялық дағдарыстардың шешілуіне қосқан үлесі туралы егжей-тегжейлі ақпарат беріп, қонақтардың көңілін мемлекетіміздің көшбасшысының халықаралық саясаттағы рөлі мен беделіне аударды.

Әлем елдерінің және Чехияның Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындығы мен қатысуына, 2017 ж. 1 қаңтардан бастап ЭЫДҰ-ға мүше елдер үшін 30 күндік визасыз режимнің енгізілуі тұрғысында чех туристерін тарту мәселесіне чех әріптестердің көңілі ерекше аударылды.

Чехиялық талдау «Қоғам және саясат институтының» директоры Я.Махачек Мемлекетіміз Басшысының президенттік билік өкілеттіктерді Парламент пен Үкіметке бөліп беру жөніндегі дана шешімін жоғары бағалап, бұның Қазақстан саяси жүйесінің тұрақтылығына зор әсер ететінін атап өтті. Чех тәжірибесінің негізінде, ол жеке меншік сектордың мемлекет меншігін одан әрі жекешелендіруі туралы шешімнің уақыттылылығын, орташа класты құрудың және оны ҚР халқының 50 пайызына жеткізудің түбегейлі маңыздылығын атап өтті. Оның пікірінше, бұл азаматтық институттардың дамуына қайтымсыз әсер етіп, нәтижесінде бүкіл қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға жағдай туғызады.

«Вацлав Клаус институтының» директоры И.Вейгл Қазақстанның зор энергетикалық және өнеркәсіптік-экономикалық әлеуетке ие бола тұра, Нұрсұлтан Назарбаевтың ақылға салынған ішкі және сыртқы саясатының арқасында, тұрақты және жауапты мемлекет болып табылатынын және кең Еуразия кеңістігінде маңызды рөл ойнайтынын атап өтті. Оның айтуынша, дәл сондықтан әлемдік қауымдастық елімізге сенеді. Қазақстанда аймақтық және жаһандық проблемаларды шешуге арналған халықаралық форумдар мен келіссөздердің өткізілуі бұның айқын дәлелі болып табылады. И.Вейглдің пікірінше, күрделі геосаяси аймақта орналасқан көп ұлтты Қазақстанға прагматикалық қажеттілікке қарамастан, терең саяси реформаларды іске асыру мәселесін біртіндеп және салмақты жүзеге асыру қажет.

Чехия СІМ Азия және Тынық мұхиттық аймақ департаментінің директоры М.Клепетко Праганың сыртқы саясатында Қазақстанның басым бағыттардың біріне айналып келе жатқанын атап өтті. Соңғы кездегі Чехияның жоғары ресми тұлғаларының елімізге жасаған сапарлары бұның дәлелі болап табылады.

Чех Республикасы Ғылым академисы Шығыстану институты директорының орынбасары О.Климеш еліміздің бүкіл әлемдегі өскелең маңыздылығы мен беделділігін атап өтіп, Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы көшбасшы болып табылатына ерекше назар аударды. Сонымен қатар, ол Чехияның Қазақстанның Еуропалық одақтағы сенімді әріптесі болып табылатынын және еліміз үшін Батыс әлеміндегі «қақпа» рөлін атқаруға дайын екенін де атап өтті.

Чех Халықаралық қатынастар институтының өкілі Н.Одинцов Президент Н.Ә.Назарбаевтың Ресей мен Түркия арасындағы қатынастарды қалыптандырудағы ерекше рөлін атап өтті. Оның пікірінше, нәтижесінде бұл сириялық дағдарыстың шешілуіне мүмкіндік туғызып, Таяу Шығыстағы ахуалдың шиеленісуін төмендетуге әсер ететін болады. Сонымен бірге, оның пайымдауынша, Астана әлемдік державалардың барлығымен жақсы қарым-қатынаста бола тұра, Еуразиялық экономикалық одақ пен Еуропалық одақ, сондай-ақ ШЫҰ мен Қытай арасындағы интеграциялық үдерістердің таптырмайтын буынына айналып келе жатыр.

Өнеркәсіп және көлік одағы халықаралық бөлімінің басшысы О.Зулакова, жетекші чех БАҚ шеф-редкаторлары Р.Яноух, В.Лавичка және С.Плесник Мемлекет Басшымыз Н.Назарбаевтың Қазақстанның саяси жүйесін одан әрі демократизациялауға, еліміздің экономикасын жаңғыртуға бағытталған бастамаларын қошаметтеп, чех азаматтары үшін визасыз режимнің енгізілгеніне алғыстарын айтты. Олардың пікірінше, бұл Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесі тұрғысында іскерлік және адами байланыстардың кеңеюіне, сонымен қатар туристер легінің артуына мүмкіндік туғызады.

 





Яндекс.Метрика