Халықаралық интеграция

Д. Абаев БАӘ-де Қазақстанның цифрландыру саласындағы тәжірибесімен бөлісті

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Дубайда The World Government Summit-тің өткізілуі шеңберінде Біріккен Араб Әмірліктері Экономика министрі Султан ибн Саид аль-Мансури мырзамен кездесу өткізді, деп хабарлады Ақпарат және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.
Әлемде 15 Ақпан, 10:59

Кездесу барысында Дәурен Абаев цифрландыру саласындағы тәжірибемен, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасымен бөлісіп, Smart-city дамыту шеңберінде Астана хабын құру туралы айтып берді. Тараптар цифрлық трансформацияны ілгерілетуге және дамытуға бағытталған IT және жоғары технологиялар саласында өзара ынтымақтастық туралы келісті.

Бұдан басқа, Дәурен Абаев БАӘ Бақыт министрі Охуд Аль-Румимен кездесті.

Тараптар халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету, ұсынылатын рәсімдерді жеңілдету процесін жаңғырту саласындағы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер саласындағы менеджмент мәселелері бойынша екіжақты ынтымақтастық және ілгерілету мәселелерін талқылады.





Яндекс.Метрика