Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Қазақстанның негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 27,4%-ға артты

2017 жылғы қаңтарда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 349,3 млрд. теңгені құрды, бұл 2016 жылғы қаңтарға қарағанда 27,4% артық, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан15 Ақпан , 09:54

«Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2017 жылғы қаңтар 2016 жылғы қаңтарға қарағанда 103,8% құрды. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 60%-н аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді», - делінген хабарламада.

2017 жылғы қаңтарда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 349,3 млрд. теңгені құрды, бұл 2016 жылғы қаңтарға қарағанда 27,4% артық.

2017 жылғы қаңтарда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 1755,9 млрд. теңгені құрды, бұл 2016 жылғы қаңтарға қарағанда 4,9% өсті. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 4,5%, өңдеу өнеркәсібінде 6,1%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 2,2% артты. Сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда өндіріс көлемі 2,8% төмендеді.

2017 жылғы қаңтарда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 105,4 млрд. теңгені құрап, 2016 жылғы қаңтарға қарағанда 1% артты.

2017 жылғы қаңтардағы «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 103,5%-ды құрды.

2017 жылғы қаңтар жүк айналымының көлемі 42,1 млрд. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) немесе 2017 жылғы қаңтарда 104,8% құрады. Жолаушылар айналымының көлемі 21,4 млрд. жкм құрап және 3,7% артты.

2017 жылғы қаңтардағы «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 97,9%-ды құрды.2017 жылғы қаңтардағы «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 100,8%-ды құрды.2017 жылғы қаңтарда бөлшек сауда көлемі 557,4 млрд. теңгені немесе 2016 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 103,5% құрады (салыстырмалы бағада).

2017 жылғы қаңтарда көтерме сауда көлемі 1122 млрд. теңгені немесе 2016 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 99,2% құрады (салыстырмалы бағада).

2016 жылғы қаңтар-желтоқсанда сыртқы сауда айналымы 61950,4 млн. АҚШ долларын құрап, 2015 жылғы каңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 19% төмендеді, соның ішінде экспорт – 36775,6 млн. АҚШ долларын (20% аз), импорт – 25174,8 млн. АҚШ долларын құрады (17,6% аз).

2017 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 386336 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6,7% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 377311 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 237855 құрады, оның ішінде 229342 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан кем).

Тұтыну бағасының индексі 2017 жылғы қаңтарда 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 100,8% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 1,2%, азық-түлік емес тауарларға – 0,7%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге – 0,4%-ға өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2017 жылғы қаңтарда 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 6,3% жоғарылады.




Яндекс.Метрика