Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Әділет министрлігі Президенттің өкілеттілігін қайта бөлу бойынша 2 заң жобасын әзірледі

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің заң шеңберінде бекітілген Президенттің өкілеттілігін қайта бөлу бойынша атқарған жұмыстары туралы» тақырыбында лектория өтті.
Астана қаласы14 Ақпан , 18:53

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнамалық департаментінің директоры Дархан Жұмабайұлы Игембаев қатысты.

Елбасының өкімімен құрылған мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттілікті қайта бөлу мәселелері жөніндегі Жұмыс тобымен Әділет министрлігінің алдына Парламентке заң жүзінде бекітілген әлеуметтік-экономикалық үдерістерді реттеу жөніндегі өкілеттілікті беру бойынша түзетулер пакетін енгізу міндеті қойылды.

Осыған байланысты Әділет министрлігі екі заң жобасын және олардың тұжырымдамаларын әзірледі: Конституциялық заң және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттілікті қайта бөлу мәселелері жөнінде өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы.

Жалпы заң жобалары келесі негізгі ережелерді қамтиды.

Үкіметтің құзыретіне Президенттің экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік қызмет саласындағы өкілеттіліктерді беру.  Президенттің жекелеген өкілеттіліктерін Президент Әкімшілігімен келісе отырып жүзеге асырылатын Үкіметтің құзыретіне беру ұсынылуда.

Бұл Елбасының құзыретінде елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілеті, сыртқы және ішкі саясаттағы негізгі басымдықтарды анықтау жөніндегі міндеттердің сақталу қажеттілігін туындатты.  Үкімет және жекелеген уәкілетті органдардың деңгейіне Президенттің кейбір арнайы және салалық міндеттерін беру қарастырылуда.

Мысалы, арнайы экономикалық аймақты құру, судьяларға куәліктер беру туралы шешім қабылдау.

 




Яндекс.Метрика