Парламент

Сенаторлар Ұлттық ұлан басшылығымен кездесті

Дариға Назарбаева бастаған Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері Ұлттық ұланның басшылығымен кездесіп, «Қазақстан Республикасы ұлттық ұланының 2017-2019 жылдарға арналған даму жоспарын» талқылады. Комитет төрағасы Д.Назарбаева мемлекеттегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Ұлттық ұланның маңызды рөлін атап өтті.
Астана қаласы14 Ақпан , 18:31

Сенатта хабарлағандай, кездесуде Ұлттық ұланның бас қолбасшысы Руслан Жақсылықов негізгі баяндама жасады. Ол Ұлттық ұланды дамытудағы негізгі басымдықтарды белгіледі және әскердің материалдық-техникалық жабдықталуы, әскери қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін көтерді.

 Даму жоспарында басқару органдарын одан әрі жетілдіру, басшылық және жауынгерлік даярлық, әскери білім беру және қаржы шығындарынсыз жоспарлы түрдегі моральдық-психологиялық тұрғыда қамтамасыз ету шаралары көзделіп отыр, - деді Р.Жақсылықов. Сенаторлар С.Жақсыбеков, М.Алтынбаев, Л.Киинов, Г.Ким кездесуде өзекті мәселелерге тоқталып, бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.
 




Яндекс.Метрика