Парламент

Сенатт Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы Қазақстан Республикасында ЮНЕСКО аясында Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығын (2-санат) құру туралы келісімді ратификациялау туралы»заң жобасы қаралды.
Астана қаласы14 Ақпан , 16:34

Сенат хабарлағандай,  осы Келісімнің мақсаты Қазақстан Республикасында Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығын құру болып табылады.

Орталықты құру гляциологиялық ғылымды дамытуға және өңірлік және жаһандық денгейде климаттың өзгеруінің мұздықтарға, қар жамылғысына және су ресурстарына әсерлерінің ғылыми түсінігін жақсартуға, гляциология, тау криосфералары, гидрология және климатология проблемалары жөніндегі зерттеулерді дамытуға, су және азық-түлік қауіпсіздігі проблемаларын шешуге ықпал ететін болады.

Осы Келісім 2012 жылғы 29 мамырда Астанада жасалған. Орталық тиісті ұйымдар арасындағы ғылыми-зерттеу қызметін және ақпарат алмасуды және үйлестіруді келісімге сәйкес нығайтуға, климаттың өзгеруі саласындағы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға, өңірлік ғылыми-зерттеу бағдарламаларын әзірлеуді көтермелеуге, жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижелерін теориялық және практикалық семинарлар, оқу курстары, конференциялар және мерзімді басылымдар арқылы таратуға жәрдемдеседі. Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.
 




Яндекс.Метрика