Халықаралық интеграция

Н.Назарбаев Г. Бердімұхамедовты Қазақстанға сапармен келуге шақырды

Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы14 Ақпан , 16:08

Қазақстан Президенті әңгіме барысында Г.Бердімұхамедовті президент сайлауындағы жеңісімен құттықтап, оған мемлекеттік қызметте табыс және жаңа жетістіктер тіледі.

Мемлекеттер басшылары екі халықтың тарихи тұрғыдан жақындығын, сондай-ақ мемлекеттеріміз арасындағы дәстүрлі тату көршілік қарым-қатынасты атап өтті.

Сондай-ақ саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланысты одан әрі нығайтудың маңыздылығы айтылды.

Нұрсұлтан Назарбаев Гурбангулы Бердімұхамедовті Қазақстанға сапармен келуге шақырды.  Түрікменстан Президенті шақыруды зор ілтипатпен қабыл алды.

 




Яндекс.Метрика