Халықаралық интеграция

Қазақстан БАӘ-мен геологиялық бақылау саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

БАӘ елшілігінде «Қазгеология» АҚ Басқармасының Төрағасы Ғалым Нұржанов Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы елшісі Др. Мохаммад Ахмад Альджабермен кездесті. Кездесуге «Қазгеология» АҚ Басқармасы Төрағасының орынбасары Елдар Тағаш та қатысты, деп хабарлады ИДМ баспасөз қызметі.
Астана қаласы14 Ақпан , 20:29

Тараптар ынтымақтастықтың бірқатар перспективалы бағыттарын талқылап, екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі дәйекті дамуына сенім білдірді.

Биыл қаңтардағы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың  Біріккен Араб Әмірліктеріне сапарының аясында  «Қазгеология» АҚ басшылығының «Mubadala», «DUBAL», «Bin Hamoodah Group» компанияларының және т.б. әмірліктің жетекші компанияларының басшыларымен кездесулер өткізіліп, онда Қазақстанда геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу бойынша ынтымақтастық жасау жөніндегі мәселелер талқыланған болатын.

Елші Қазақстанда геологиялық барлау бойынша ынтымақтастық жасаудағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін «Қазгеология» АҚ әмірліктің компанияларымен ынтымақтастықта көмек көрсетуге және осы компаниялар өкілдерінің жобаларды толыққанды талқылау үшін Қазақстанға келуін ұйымдастыруға әзір екенін білдірді. Сондай-ақ екі ел үшін ортақ халықаралық мүдделер тоғысатын мәселелерді талқылап, оларды ұдайы үйлестірудің маңызы зор екенін жеткізді. 

 




Яндекс.Метрика