Білім беру

М.Жұрқабаев: Жұмысшы кәсібі – табысты болашақ кепілі (ФОТО)

Қазақстанда болашақта кәсіпорындарда жұмыс істейтін жаңа жұмысшы кадрларды даярлауға үлкен көңіл бөлінеді. Жастар «беделді» мамандық бойынша армандаған дипломдарын алу үшін жиі астанаға немесе ірі қалаларға ұмтылады. Бірақ бұл қаншалықты қажет? Және егер өз жерінде кәсіптік білім алу мүмкін болса, тұрғылықты жерді ауыстыру керек пе? Осындай мысалдардың бірі – Қостанай индустриялық-педагогикалық колледжі. Колледж директоры Марат Жұрқабаев Strategy2050.kz АА-ға берген айрықша сұхбатында жоғары білікті жұмысшыларды даярлаудың маңыздылығы туралы айтып берді.
Астана қаласы14 Ақпан , 15:57

Марат Кенжебекұлы, колледждер нарықтың нақты қажеттіліктерін жақсы біледі, осыған орай, Сіздің ойыңызша, қандай мамандықтар бүгінгі таңда анағұрлым пайдалы әрі өзекті?

– Колледж орта буын мамандарын, өндірістік оқыту шеберлерін даярлауды жүзеге асырады. Студенттердің таңдауына төрт мамандық ұсынылады: «Ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыру», «Дәнекерлеу өндірісі», «Тамақ өнімдері өндірісінің технологиясы мен ұйымдастырылуы», «Мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу технологиясы».

Бұдан бөлек, колледж дене шынықтыру және спорт пәнінің мұғалімдерін, әлеуметтік жұмыс мамандарын, техниктерді (жерге орналастыру жөніндегі мамандарды), техник-бағдарламашыларды даярлайды.

 

Мамандарды даярлау 11 сыныптар базасында жүргізіледі. Колледжде оқыту күндізгі және сырттай оқу бөлімдері бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Жыл сайын мемлекеттік тапсырыс бойынша қабылдау жоспары орындалады. Мысалы, 2016 жылы біз 1-ші курсқа 215 адамды қабылдадық. Бүгінде колледжде 792 студент білім алады, оның ішінде күндізгі оқу бөлімінде – 574, сырттай оқу бөлімінде – 218, коммерциялық негізде – күндізгі  оқу бөлімінде 23 студент, сырттай оқу бөлімінде – 179 студент.

Бүгінгі таңда, орта мамандық оқу орындары көп болған кезде таңдау Сіздің колледжіңізге түсуі үшін Сіз не ұсынасыз? Студенттерді қосқан кезде жеңілдіктер немесе басқа да артықшылықтар беріледі ме?

– Кәсіптік бағдарлануды жүргізу үшін әрбір оқытушыға және өндірістік оқыту шеберіне қала және облыс мектептері бекітілген. Сонымен қатар, колледж студенттері кәсіптік практикадан өту кезінде болашақ талапкерлер арасында үгіттеу жұмысын жүргізеді.

Сондай-ақ, біз өз жұмысымыз туралы ақпаратты БАҚ-та жариялауға тырысамыз. Әлеуметтік желілерде бірнеше байланыс топтары бар.

Біз талапкерлердің назарын, біріншіден, тегін білім алу және үлгерімі жақсы және өте жақсы болған кезде стипендия алу, екіншіден, студенттердің қалауы бойынша қосымша жұмысшы мамандықтарын алу мүмкіндігіне аударамыз. 

Үшіншіден, колледж түлектері жылдамдатылған бағдарлама бойынша оқуды жалғастыру үшін жоо-ға түсуге мүмкіндік алады. Төртіншіден, менің ойымша, бұл ең бастысы – жұмысқа орналасуға мүмкіндік бар, себебі оқу жоспарының 60%-дан астам бөлігін құрайтын практиканың арқасында балалар нақты жағдайларда жұмыс істеуге дайын және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болады.

Оқу процесін өндірістегі кәсіптік оқуға барынша жақындататын дуальды оқыту жүйесінің арқасында бүгінде колледж ауыл шаруашылығы жұмыстарының маусымдылығын ескере отыра, жас кадрларды даярлау мүмкіндігіне ие.

Үлгілік қағидалар негізінде оқуға түсу кезіндегі жеңілдіктерді ауыл жастары және мектепті үздік аяқтаған балалар пайдаланады.

 

Әрине, практикалық жұмыс – оқыту негізі, ал ол үшін жағдайлар бар ма? Колледж жабдығы заманауи талаптарға қаншалықты сәйкес келеді?

– Өкінішке орай, бізде әлі 3D принтерлер жоқ, алайда, жабдықталуы оқу процесін тиісті деңгейде жүргізуге мүмкіндік беретін зертханалар, өндірістік шеберханалар бар. Өндірістік шеберханалар мен зертханалар сабақ өткізу үшін жеткілікті көлемде жарақтандырылған. Аспаптар, модельдер, макеттер, стендтер кәсіптік және техникалық даярлау саласындағы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес келеді.

Зертханалар мен шеберханаларды жабдықтау негізінен өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады: «Беларусь МТЗ-892» тракторы, «Essil-740» жаңа астық жинау комбайны, көлік жүргізуге жеке оқытуға арналған ВАЗ-2109 автомашинасы.

Алайда, 2012 жылы республикалық бюджеттің арқасында 25 млн теңге сомасына жабдық сатып алынды: екі жаңа автотренажер, электронды стендтер, автокөтергіш, шина монтаждау жабдығы жинағы, дәнекерлеу аппараттары, дәнекерлеушінің электронды тренажеры, үш интерактивті тақта және басқалары.

Сіздің түлектеріңіз еңбек нарығында талап етіледі дедіңіз, олардың жұмыспен қамтылуының пайызы қандай?

– 80%-дан артық және бұл пайыз жұмыс орнынан анықтамалармен және зейнетақы аударымдарымен расталады. Біз оларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу үшін колледждерге, аудандық білім бөлімдеріне, Қостанай және жақын маңдағы облыстар аудандарының әкімдіктеріне хаттар таратылады. Біздің түлектеріміз «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасына қатысады, сәйкесінше, тұрғын үйді несиелендіру бойынша барлық жеңілдіктерді алады. 

 

– Марат Кенжебекұлы, бүгінде проблемалары жоқ деп айта алатын оқу орындары жоқ шығар, Сіздің оқу орныңызда қандай проблемалар бар және оларды қалай шешесіз?

– Лицейлер колледж болып өзгертілгендіктен, өндірістік оқыту шеберлеріне қойылатын біліктілік талаптары да өзгерді – олардың жоғары білімі болуы тиіс. Біз өсуге тырысамыз және өз бағдарламаларымызды бейімдеп, шеберлерді даярлаудың жоғары мектебіне айналуға ұмтыламыз. Қазірдің өзінде біз облыстық білім басқармасымен бірлесіп, алдағы 5-10 жылға өндірістік оқыту шеберлерінің қажеттігіне мониторинг жүргізуге тырысып жатырмыз.

Сұхбат бергеніңіз үшін рахмет.

Әсемгүл Жақаева




Яндекс.Метрика