ҚР Президентінің Жолдауы

Үшінші жаңғыру бизнесті дамытуға зор мүмкіндік береді – ҚӘІҚ

Үшінші жаңғыру бизнесті дамытуға зор мүмкіндік береді, деді ОКҚ брифингінде «Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы» Астана қаласы бойынша қауымдастық мүшесі Елена Антонович.
Астана қаласы14 Ақпан , 19:17

Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында айтқан үшінші жаңғыртуды қолдайды.

«Біз Қазақстанның іскер әйелдері ретінде  ҚР үшінші жаңғыру бағдарламасын қолдаймыз. Мен шағын бизнес өкілі ретінде бұл бағдарлама  бизнесті одан әрі дамытуға зор мүмкіндік сыйлайтындығына сенімдімін. Мен құрылыс саласындағы дизайнерлік компанияның өкілімін», - деді Е.Антонович.

Ол айтып өткендей, елорда  аса үлкен қарқынмен дамып, құрылыс саласына өзгерістер енгізуде.

«Құрылыс саласын  отандық  құрылыс материалдарын  шығару кәсіпорындарын  ашу арқылы дамыту керек.  Ол жаңа жұмыс орнын ашуда  ашық бәсекелестікті қамтамасыз етеді», - деді ол.

Спикердің айтуынша,  құрылыс саласындағы  кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдауға ие болу өте маңызды.

Е.Антонович айтып өткендей, бұл салық қысымын төмендету, тексеріс жүргізетін органдарды  азайту болып табылады. Онлайн платформаларда ашылған немесе ашылғалы жатқан барлық компаниялар туралы ақпарат болады, бұл да кәсіпкерліктің дамуына өз септігін тигізеді.

«Қазақстанда  кәсіптік мамандарды дайындау үшін  құрылыс колледждерін ашу  өте өзекті әрі қазіргі  заман талабына сай», - деді Е.Антонович. 




Яндекс.Метрика