Адами капитал

Қазақстанда әйелдерге арналған мобильдік қосымша пайда болады (ФОТО)

Қазақстанда әйелдерге арналған мобильдік қосымша пайда болады, деді ОКҚ брифингінде «Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы» РҚҰ президенті Раушан Сәрсембаева.
Нұр-Сұлтан 14 Ақпан, 15:39

«Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан-ақ Президентіміз Н.Ә.Назарбаев әйелдердің жағдайын жақсарту ісіне ерекше көңіл бөліп келеді.  Соның арқасында Қазақстанда әйелдердің саясатта, бизнесте және қоғамның барлық салаларында әйелдер потенциалын дамытуға барлық мүмкіндіктер жасалған», - деді Раушан Сарсенбаева.

25 жыл ішінде ҚР Парламентіндегі әйелдер өкілдігі тұрақты өсіп келеді. Бүгін Парламент Мәжілісіндегі әйелдер үлесі – 27,1%, бұл көрсеткіш шешім қабылдау деңгейіндегі әйелдер өкілдігін 30% қамтамасыз ету мақсатына жақын.

Барлық деңгейдегі мәслихаттарда әйелдер өкілдігінің деңгейі сайланған депутаттардың жалпы санының 22,2%-на жетті.

«Ел экономикасының дамуына әйелдердің қатысу үлесі артып келеді. Мәселен, соңғы 10 жылда жылдан әйел жұмыссыздығы 1,6%-ға төмендеген, бизнестегі әйелдердің үлесі 50%-ға дейін өсті. Еңбекақы төлеудегі гендерлік алшақтық 67 %-ға жетті», - деді Р.Сәрсенбаева.

Өз кезегінде, әйелдер Мемлекет басшысының барлық бастамаларының сенімді қолдаушыларына айналды, мемлекетте жүргізілетін барлық реформаларға белсенді араласып, өзіндік мемлекеттігімізді құруға маңызды үлес қосып отыр.

 

 





Яндекс.Метрика