Парламент

Сенат Түркиямен өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау заңын қарады

Қазақстан мен Түркия Үкіметтері арасында өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы заңының жобасы қаралды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Астана қаласы 14 Ақпан, 15:18

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы арнайы мақсаттағы бөлімшелердің оқу-жаттығуларын өткізу кезінде қабылдаушы Тараптың қолдау көрсетуі туралы өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

Меморандум 2016 жылғы 20 қаңтарда Анкара қаласында жасалған. Меморандумның мақсаты екі мемлекет қарулы күштерінің арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің бірлескен оқу-жаттығуларды өткізуге байланысты мәселелерді реттеу, сондай-ақ тараптардың міндеттемелері мен жауапкершілігін айқындау болып табылады.

Меморандум аясында жіберуші тараптың техникасын, қаруы мен оқ-дәрілерін әкелу, ел ішінде алып жүру және әкету кезінде қабылдаушы Тараптың әуеайлақтарды, автомобиль және теміржолдарды беруін көздейді.

Одан басқа, оқу-жаттығуларға қатысу кезеңінде жіберуші Тараптың сұрау салуы бойынша қабылдаушы тарап қаруды, материалдық құралдарды, жабдық пен оқ-дәрілерді өтеусіз негізде ұсынуы мүмкін. Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.
 





Яндекс.Метрика