Халықаралық интеграция

Қ.Әбдрахманов: Астаналық процесс – нақты әрекет ететіндердің бірі

Қазіргі таңда Астаналық процесс нақты әрекет ететін және женевалық келіссөздердің алдындағы дайындық кезең болып отыр. Бұл туралы ҚР Үкіметінде Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдрахманов мәлімдеді.
Астана қаласы14 Ақпан , 14:23

«Қазіргі таңда Астаналық процесс  нақты әрекет ететін және женевалық келіссөздердің алдындағы дайындық кезең болып отыр. Қазақстан Республикасы  сириялық мәселені реттеу бойынша   БҰҰ көшбасшылық етуін толық қолдайды», - деді Қ.Әбдрахманов.

Министр айтып өткендей, гарант елдердің  ақпараты бойынша  кездесуде соғысты тоқтату мәселесін бақылауға алатын жұмыс тобын құру қарастырылды.

«Меніңше, 23-24 қаңтарда болған формат таңдалады.Барлығы гарант елдер талқылап жатқан басты мәселе соғысты тоқтату екендігін жетік түсінулері керек. Демек, келісімді қалай орнату керек, соғыс режимін кім бұзады, осы мәселелерді қарастырған жөн», - деді министр.

Оның айтуынша, Қазақстан көліктік қызмет көрсетуді өтейді, ал тұру мәселесін келетін делегациялардың өздері шешуі керек.

«Кез келген халықаралық келіссөздер қаржылық шығынды қажет етеді. Гарант елдер тарапынан Елбасыға түскен ұсыныс  нәтижесінде Қазақстан сириялық мәселені реттеуге алаңқай ұсынуға келісім берді, сондықтан шараны ұйымдастыру біздің тарапта. Бюджетте шығынды қарастыратын бап бар», - деді министр.

Гарант елдердің мәліметінше, Ресей Федерациясы Конституция жобасының үлгісін ұсынды. Одан әрі әрекет ету қызығушылық танытқан тараптарға байланысты шешіледі.

Еске салар болсақ, 23-24 қаңтарда Астанада сириялық реттеу жөніндегі халықаралық кездесу өтті.  Одан кейін 6 ақпанда Астанада Сирия дағдарысын реттеу бойынша xалықаралық теxникалық кездесу ұйымдастырылды.  Екі күннен кейін, нақты айтқанда 15 ақпанда елордада тақы бір кездесу ұйымдастырылмақ. Сирия бойынша өтетін кездесуге АҚШ-тың қатысатындығы белгілі.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика