Үкімет

Электрондық журнал ұстаздарды қағазбастылықтан босатады – Сағадиев

Электрондық журнал ұстаздарды қағазбастылықтан босатады, деді Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Үкімет отырысында.
Астана қаласы14 Ақпан , 14:10

«Электрондық журналды енгізу  мұғалімдерге қағазбастылықтан  арылуға мүмкіндік береді», - деді Е.Сағадиев.

Ол айтып өткендей, егер мұғалімдер оны   орнатуды  қаламаса, оларға міндеттелмейді.

«Электрондық журналды енгізген барлық мұғалімдер қағазбастылықты жүргізбеуге құқылы. Әрине, оларда қазір тексерістерден аздап қорқыныш та бар, себебі тексерулер  жиі болып тұрады», - деді Е.Сағадиев.

Ол айтып өткендей, бүгінгі таңда министрлік  қаржы министрлігі мен  бірлескен бұйрық  шығаратын  қаржыны бақылау комитетімен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. 

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика