Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

2016 жылы 20 мыңнан астам павлодарлық жұмыспен қамтылды

2016 жылы Павлодар облысының 21 мыңнан астам тұрғыны халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылды.
Павлодар14 Ақпан , 20:41

2016 жылы Павлодар облысында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өңірлік кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде  мемлекеттік қолдау шараларымен жұмыссыздар (17,9 мың адам) және өзін нәтижесіз жұмыспен қамтығандар (3,1 мың адам) қатарындағы 21 мың 45 адам қамтылды, бұл өңірдегі жұмыссыздар мен өзін нәтижесіз жұмыспен қамтығандардың жалпы санының 71,2 %-ын құрайды, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Оның ішінде:

- мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, өңірлерді дамыту бағдарламалары аясында іске асырылып жатқан жобаларға 2 мың 232 адам жұмысқа орналасты;

- әлеуметтік жұмыс орындарына 1 887 адам;

- жастар тәжірибесіне 728 адам;

- қоғамдық жұмыстарға - 3 мың 934 адам ;

- кәсіптік оқытуға 1 285 адам жіберілсе, оның ішінде 252 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданды;

- 10 мың 582 адам мемлекеттік қолдау шараларын қолданусыз жұмысқа орналасты.

Бұдан басқа, 397 адам жеке ісін ашу немесе кеңейту үшін шағын несие алды.2016 жылы республика бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде  мемлекеттік қолдау шараларымен 520 мыңнан астам адам  қамтылды.

 




Яндекс.Метрика