Инвестициялар

Ақмола облысында 10,6 млрд теңге сыртқы инвестиция тартылған

223,1 миллиард теңгенің инвестициясы тартылды. Оның 10,6 миллиард теңгесі сыртқы инвестиция, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақмола14 Ақпан , 14:57

«Инвесторлар тарапынан 355 ұсыныс түсті, 360 кеңес берілді, 688 мемлекеттік қызмет көрсетілді. 223,1 миллиард теңгенің инвестициясы тартылды. Оның 10,6 миллиард теңгесі сыртқы инвестиция», - делінген хабарламада.

2016 жылдың қорытындысы бойынша капитал салудың нақты өсімі 2015 жылғы деңгейден 6,6 пайызға өсті. Негізгі капиталға салынатын ең үлкен инвестиция құрылымы кәсіпорындардың өз қаржысы.

Бұл қаржы 45,8 пайызды немесе 102 миллиард теңгені құрайды. Орталықтандырған көздердегі қаржы көлемі 34,2 пайызды, қарыз қаржысы 10,4 пайызды және банктер несиелері 9,6 пайызды құрады.

Инвестицияның 77 пайызы нақты сектор саласының дамуына салынды (171,8 миллиард теңгесі).

 

 

 




Яндекс.Метрика