Инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясаты

Астанада жүзеге асырылатын инновациялық жобалар Президент Жолдауының ұстанымдарына сәйкес келеді

«Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағына әкімшілік ету басқармасының бастығы Медер Маселов өздері жүзеге асыратын инновациялық жобалардың барлығы да Президент Жолдауының ұстанымдарына сәйкес келетіндігін мәлім етті.
Астана қаласы19 Желтоксан , 00:00

«Астанада индустрияны дамыту үшін орасан зор мүмкіндік бар. ЭКСПО-2017 Дүниежүзілік көрмесіне дайындық – бұл үшінші индустриальдық революцияға инновациялық тұғыр дайындауға бірегей мүмкіндік болып табылады», - деп мәлімдеді М.Маселов.

Атап айтсақ, елордада «Болашақ бағдарламасы» қаладағы № 54 мектепке келушілерді 2 есе арттыруға, ал «Смарт-су құбыры» жобасы судың босқа рәсуә болуын 20 %-дан 8 %-ға дейін кемітуге мүмкіндік берді.

Смарт-ЛЭП жобасы электр қуатын шығындауды 45 % азайтуға мүмкіндік берсе, «Дәріханалық құлтемір» жобасы қала тұрғындарына қызмет көрсетуді 4 минуттан 7 секундқа дейін кемітуге мүмкіндік берді.




Яндекс.Метрика