Кедендік одақ

Ж.Күшікова: ДСҰ-ға кіру – Қазақстанның халықаралық аренадағы жоғары беделінің нәтижесі (ФОТО)

Эксклюзив
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі ретіндегі басымдықтары және елдің осы ұйымға қосылу жолындағы қиындықтарды қалай жеңгені туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің сыртқы сауда қызметін дамыту департаментінің директоры Жанель Күшікова Strategy2050.kz АА-ға берген айрықша сұхбатында айтып берді.
Нұр-Сұлтан10 Ақпан , 11:14

Жанель Күшікованың айтуы бойынша, қазіргі уақытта Қазақстанда өтіп жатқан ірі халықаралық іс-шаралар Қазақстанның халықаралық аренадағы жоғары беделінің нәтижесі болып табылады. ДСҰ-ға кіру Қазақстанның өз сауда қызметін әлемде орнатылған ережелер бойынша жүргізіп жатқан және оған сенуге, инвестициялар салуға және сауда қарым-қатынастарын дамытуға болатын тұрақты ашық әріптес болып табылатынын ірі елдердің, әлемнің ірі экономикаларының мойындауының белгісі. 

 

- Жанель Сабырқызы, ДСҰ-ның не екені жөнінде аз айтылған жоқ, Қазақстан осы елдер қатарына кіруі үшін қандай әрекеттер жасау қажет болғанын түсіндіріп өтсеңіз?

- Ең алдымен, ДСҰ – бұл сауда қарым-қатынастарын жүзеге асыру қажет болатын ережелер жиынтығы. Аталған ұйымға кіру үшін бізге, алдымен, өз заңнамамызды осы ережелерге сәйкес келтіру, сондай-ақ Қазақстан өз өндірушілеріне көрсеткен қолдау шараларын осы ережелерге сәйкес келтіру қажет болды. Біздің сыртқы сауда режимімізді ырықтандыру ДСҰ-ға кіру шарты болатын, яғни ДСҰ-ға кіретін әрбір ел өз заңнамасын сәйкестікке келтіреді, ол осы елдер арасындағы сауда шарттарын ырықтандыру бойынша мақсаттарға қол жеткізілгенін іс жүзінде көрсету үшін өзінің импорттық кеден бажын төмендетеді.

- ДСҰ-ға кіргеннен кейін Қазақстан қандай артықшылықтарға ие болды?

- Қазақстанның нарығы шағын болып келеді, бұл қазір 17 миллионға жуық және біздегі сатып алу қабілетіміз ұйымға кіргенге дейін де елеусіз болатын. Үкімет алдында тұрған алғашқы міндет өткізу нарығын ұлғайту болатын. Оған Еуразиялық экономикалық одақ құру арқылы қол жеткізу мүмкін болды, біз Ресеймен, Беларусьпен, қазір Армениямен және Қырғызстанмен кедендік шекараларды алып тастадық, яғни өз нарығымыздың шекараларын кеңейттік. Енді Қазақстанда өндірілген тауар осы елдерде еркін сатылады. Яғни 17 миллионнан 170 миллион жасадық және бұл осы үлкен нарықта тауар өткізуге болатынын түсінетін инвесторлар үшін тартымды бола бастады. Сәйкесінше, бұл жерде инвестор үшін кепілдіктер, тұрақтылық кепілдіктері болуы тиіс, бұл екінші кезең.

 

- ДСҰ-ға кіруге дайындық жұмыстары қалай өткені жайында айтып берсеңіз?

- Біз ДСҰ заңдары бойынша 2010-2012 жылдардан бері тұрып келдік. 2015 жылғы 1 желтоқсаннан бастап импорттық кеден бажы өзгерді. Біздің ДСҰ-ға кіруіміздің бірегейлігі біз Кеден одағына мүше бола отырып ұйымға кірген едік. Бұл жаңалық, себебі бұрындары дүниежүзілік сауда ұйымы құрылғаннан бері мұндай нәрсе болмаған еді. Біздің ДСҰ-ға кіруіміздің соңғы жылында Кеден одағына мүше болып қала отыра, ДСҰ-ның толық құқықты мүшесі болудың механизмі әзірлене бастады. Келіссөздер бойынша біздің келіссөздер жүргізу тобымыз жұмыс істеді, ресейлік әріптестер тартылды, келіссөздерді АҚШ-та еуропалық одақ өткізген болатын. РФ міндеттемелерімен сәйкес келген біздегі міндеттемелер бойынша біз Кеден одағы аясында жұмыс істеп, міндеттемелерді бірлесіп орындайтын болдық. Ал РФ-ға қарағанда төмен міндеттемелерді қабылдаған тауарлар бойынша біз өндіріп алуды қабылдадық.

- Қандай тауарлар туралы сөз болып отырғанын түсіндіріп кетсеңіз?

- Бұл олар бойынша импорттық баж Кеден одағына мүше елдердегіден өзгеше болатын, 2021 жылға қарай орын алатын 3,5 мыңға жуық тауар. Яғни 7 мың тауар бойынша бізде импорттық баж бірдей және Қазақстанның тұтынуына ғана арналған 3 мың тауар анағұрлым төмен мөлшерлеме бойынша кіреді.

 

- Қандай келіссөздер ұзақ уақыт алды?

- Ауыл шаруашылығын қолдау деңгейі бойынша келіссөздер айтарлықтай ұзақ уақытқа созылды. Қазақстан ауыл шаруашылығы саласына жалпы ішкі өнімнің 8,5%-ы мөлшерінде қолдау көрсету құқығын қалдырды, бұл өте көп. Біз барлық елдерден үздік практикаларды ғана алдық. Осының барлығы біздің экономикамыз бен біздің келіссөздер жүргізушілеріміздің шеберлігін ескере отырып, қазақстандық шындықты ескере отыра қолданылды.  

- ДСҰ-ға мүше елдер үшін НҚР деген не?

- НҚР – неғұрлым қолайлы жағдай жасалатын ұлт режимі. Бұл сауда кезінде жасалатын жағдайлар басқа елдердегіден кем болмайтынын білдіреді. ДСҰ барлық қатысушылары ұйым мүшелерінің біреуіне басқаларынан кем қарамайтыны туралы міндеттеме алады. Ал ұлттық режим – оларға өз өндірушілерімізге ұсынылатындай жағдайлар жасайтынымызды білдіреді. Осы ретте, ДСҰ өз өндірушілеріне қолдау көрсетуге тыйым салмайтынын атап өткен жөн.  

 

- ДСҰ қатысушыларын қандай субсидиялар күтіп тұрғанын айтып берсеңіз?

- ДСҰ-да субсидиялардың екі түріне ғана тыйым салынады, бұл экспортқа бағдарланған және импортты алмастыратын субсидиялар. Бұл субсидиялар сауданы қатты бұрмалайды, сондықтан басқа субсидиялар ұсыну қажет: өндірісті дамытуға, жұмыс орындарын ашуға, оқуға. ДСҰ ережелерінде субсидиялар да, кері механизмдер де жазылған, бұл істі қарау және осы субсидиялар бойынша өтемақы төлеу. Істі қарау басқа мемлекет нарығында біздің субсидияланатын тауарларымыздан келген шығын анықталғаннан кейін басталады.  

- Соңғы уақытта қоғам автомобиль бағалары туралы мәселені белсенді түрде талқылауда, осы жайында не айта аласыз?

- Біз импорттық баж бойынша міндеттемелерді қабылдаған кезде автомобильдерге қатысты тарифтер төмен болатын, мөлшерлемелер едәуір төмен болатын. Егер бірыңғай кеден одағы аясында кеден бажы 35% болса, ДСҰ аясында Қазақстанда 25% болып, ол 15% дейін біртіндеп төмендеуі тиіс болатын. Халық импорттық автомобильдердің бағасы төмендейді деп күтті. Бірақ осы сәтте ұлттық валюта бағамы өзгереді және бұл өзгеріс 40%-ға жақын болды, яғни валюта бағамының өзгеруімен баж төмендейді, сәйкесінше, бағалар өзгермейді.  

- Сұхбат бергеніңіз үшін рахмет.

Қайрат Жандыбаев

Сурет:  ашық дереккөз 




Яндекс.Метрика