Барлық этностар азаматтарының тең құқықтылығы

ҚР Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясы ҚХА-ның үздік қызметкерлерін марапаттады

Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясының Тәуелсіздік күнін тойлауға арналған дөңгелек үстелі өтті, деп хабарлайды «BNews.kz» агенттігі.
Алматы қаласы13 Желтоксан , 16:56

Мерекелік шараға республикалық, қалалық этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері, ҚР генералдар кеңесінің өкілдері, ҚХА ғылыми-сараптама кеңесі мүшелері, журналистер клубы қатысты.

ҚХА төрағасының орынбасары, ҚР Президент әкімшілігі хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов дөңгелек үстелге қатысушыларды тәуелсіздік күнімен құттықтап, ұлтаралық бірлік пен достықты нығайтуда еңбек сіңіріп жүрген азаматтарды алғыс хатпен марапаттады.

«Тәуелсіздік біздің Қазақстанымыздың гүденуіне, тұрақтылығына бірден бір кепіл. Бұл ең алдымен Тұңғыш Президенттің тарихи еңбегі. Мемлекет басшысының қызметі елдің дамуы мен бейбітшілігіне бастама, тәуелсіздіктің 22 жылында біз бұл құндылықтардан қол үзген жоқпыз. Тәуелсіздік – мемлекет тұрақтылығының, қоғамдық келісімнің негізі», - деді Е.Тоғжанов.

 

 




Яндекс.Метрика