Макроэкономикалық саясатты жаңғырту

Оңтүстік Қазақстан облысының кедендік бекетінде Өңірлік кеден лабораториясы таныстырылды

«Шымкент-ОКҚК» кедендік бекетінде Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментінде Өңірлік кедендік лабораторияның таныстырылымы өтті, деп хабарлайды ОҚО Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Оңтүстік Қазақстан13 Желтоксан , 10:31

Өңірлік кедендік лаборатория ОҚО, Жамбыл және қызылорда облыстарының тауарларын кедендік бақылауда сараптамамен қамтамасыз етеді.

«Егер бұрындары кедендік сараптаманы өткізу үшін Алматы мен Астана қалаларына жүгінуге тура келсе, қазірде бұл мәселенің түйіні тарқатылып отыр. Бұның бәрі сараптама жұмыстарының уақытын үнемдеді. Ақырында кедендік тазалауды жеделдетеді. Соған сай, импорттаушылар мен экспорттаушылардың материалдық шығындары да айтарлықтай азаяды», - делінген хабарламада.

Лаборатория физикалық-химиялық зерттеулерді өткізуге мүмкіндік беретін заманауи құрылғылармен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, техникалық және материал зерттеу жұмыстарына жағдай жасалған.




Яндекс.Метрика