Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдықтар

Биыл Астанада онкологиялық орталықтың құрылысы басталады

Астанадағы Ұлттық онкологиялық орталықтың құрылысы 2013 жылдың екінші жартысында басталады, деп хабарлады вице-премьер Е.Орынбаев ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде.
Астана қаласы30 Қаңтар , 00:00

«Биыл онкология бағытында үлкен жұмыс жүргізудеміз, қазір ТЭН аяқталуға жақын. 2013 жылдың екінші жартысында Астанадағы  онкологиялық орталықтың құрылысын  бастаймыз деп ойлаймын. Әкімдік жер бөлді. Онкология жөніндегі бағдарлама қабылданды», - деді вице-премьер.

Бұдан басқа, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 2013 жылдың соңына дейін еліміздің барлық өңірлерінде 28 инсульттық орталық құрылатын болады, бұл халықтың сұранысын толығымен жабады. Бүгінгі күні мұндай 20 орталық жұмыс істеп тұр.




Яндекс.Метрика