Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Президенттің арнайы мәлімдемесі жаһанда болып жатқан қиындықтардан қалай шығуды көздейді- сарапшы

Астана қаласы30 Қаңтар , 22:31

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналар арқылы жасаған арнайы мәлімдемесінде ертең Қазақстан xалқына арнаған жолдауы отандық ақпарат құралдарында жарық көретінін айтты.

Елбасының жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» деп аталады. Осы жолдауға байланысты Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының экономикалық зерттеулер бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нәйлә Әлмұxамедова өзінің пікірін білдірді.

«Мемлекет басшысының арнайы мәлімдемесі аса маңызды және өзекті. Жаһанда болып жатқан қиындықтардан қалай шығуды көздеген. Президент ел дамуына тың қарқын беретін жаңа бағдарды ұсынбақ. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды жаңа кезең күтіп тұрғанын айтты. Соның ішінде үшінші кезеңде ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру қарастырылып отыр. Әсіресе, агроөнеркәсіптік кешен, көлік-логистикалық кешен, адам капиталы және шағын және орта бизнес. Президенттің мәлімдемесі экономикалық өсімнің локомотивін анықтап берді», - дейді Нәйлә Әлмұxамедова.

 

 




Яндекс.Метрика