ҚР Президентінің Жолдауы

Жаңғыртудың келесi кезеңi экономикалық саясатқа өзгерістер енгізеді – сарапшы

Астана қаласы30 Қаңтар , 22:15

Жаңғыртудың келесi кезеңi экономикалық саясатты өзгертедi. Бұл туралы «Парасат» жүйелiк зерттеулер институтының бас сарапшысы Алуа Жолдыбалина айтты.

«Экономиканы бейiмдеу қажеттiгiн ескере отырып, жағдайдың жылдам өзгеруiне байланысты экономикалық саясатқа белгiлi бiр өзгерiстер енгiзу керек. Яғни, Президент айтқандай, бiзге өсудiң жаңа жолдарын iздеу қажет. Елбасы мәлiм еткен жаңғыртудың үшiншi кезеңi тәуелсiз экономикалық және қаржылық тұрақты мемлекет ретiнде әлемдiк экономикада Қазақстан дамуының стратегиялық қадамдарының бiрiне айналады. Жаңғыртудың келесi кезеңi әлемдегi оқиғаларға байланысты экономикалық саясатқа өзгерiстер әкеледi», - дедi А.Жолдыбалина.

Айта кетейік, ертең Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Елбасы биылғы Жолдауымда ел дамуына тың қарқын беретін жаңа бағдарды ұсынбақшы.




Яндекс.Метрика