Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Солтүстік Қазақстанда 1 636 жылжымайтын мүлік нысаны жария етілген

Солтүстік Қазақстанда 4 486 млн теңге сомасына 1 636 жылжымайтын мүлік нысаны жария етілді, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Солтүстік Қазақстан30 Қаңтар , 18:53

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 41-қадамын іске асыру аясында облыста мүлікті жария ету бойынша үлкен жұмыс атқарылған.

«Осы қадамға сәйкес Заңнамаға енгізілген өзгерістер осы рәсімді едәуір оңайлатты. Құпиялылық пен қылмыстық-әкімшілік қудалаудан қорғауға кепілдік беріледі», - деп атап өтілді әкімдікте.

Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік кірістер органдары 19,5 млрд теңге сомасына шетелдік активтерді жария еткен. Жергілікті атқарушы органдардың жанынан құрылған комиссиялар 4486 млн теңге сомасына 1636 жылжымайтын мүлік нысанын жария еткен.

Атап өтейік, Ұлт жоспарында мүлік пен ақшалай қаражатты жария ету рәсімін оңайлату туралы айтылған болатын. Осылайша, Қазақстанда қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. 




Яндекс.Метрика