Білім беру

Астананың 70 мектебінде робототехника бойынша факультативтік курстар бар

Жалпы білім беретін 53 мектепте қант диабеті, эпилепсия, туа біткен даму ақаулары, бронхиалды астма, лейкоз және т.б. індеттерге шалдыққан 300 бала инклюзивті білім алуда, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласы30 Қаңтар , 20:39

Сонымен бірге, тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар № 28, 63, 65, 83, 45 мектеп-гимназияда оқиды. 

Аутизмге шалдыққан балалар үшін психологтың арнайы логопедиялық және коррекциялық-педагогикалық қолдауы қарастырылған, сондай-ақ, олармен арнайы педагогтар (тифлопедагог, сурдопедагог, логопед, олигофренопедагог), емдік дене шынықтыру және арнайы мамандар жұмыс істейді.

Бұдан басқа, жалпы білім беретін 21 мектепте 131 арнайы (коррекциялық) сынып ұйымдастырылған, онда 1 102 бала білім нәрімен сусындауда. 

 




Яндекс.Метрика