Өңірлер

ОҚО-да жылына а құс етін өндіретін фабрика салынады

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Сауд Арабиясы Корольдігінің – Шейхы, «АL Ramez Group» компаниясының президенті Абдулла Заид әл-Мелеихимен кездесті, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Южно-Казахстанская область30 Қаңтар , 15:49

Жиын барысында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда екі жақтың өкілеттігі мен міндеттерін талқылаумен конструктивті диалог өткізілді Әңгіме барысында тараптар Оңтүстік Қазақстан мен Сауд Арабиясының өзара қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті.

Облыс басшысы іскерлік және инвестициялық ортаны жақсарту үшін Оңтүстік Қазақстанда қолға алынып жатқан жүйелі шараларға тоқталып, шетелдік инвесторлар үшін артықшылық пен жеңілдіктерді сөз етті.

«Біз  экономиканы әртараптандыруға бағытталған реформаларды іске асырудамыз. Оңтүстік Қазақстан облысы – республикадағы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының барлық салалары дамыған өңір. Кәсіпкерлікті қолдау үшін бизнеске барынша жеңілдіктер қарастырып, инвестиция тарту үшін қолайлы жағдайлар жасалынуда. Бизнес үшін әкімшілік кедергілер мейлінше азайтылды. Қазір бізде 3 арнайы экономикалық аймақ құрылып, онда либералды салық режімі қолданыла отырып жұмыс жүргізілуде», – деді аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев.

Өз кезегінде Шейх- Абдулла Заид әл-Мелеихи Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы іскерлік байланыстардың келешегі зор екеніне назар аударды. Оның айтуынша, мұнда жұмыс істеуге, сауда-саттық жасауға жақсы жағдай жасалған. Әсіресе, Қазақстанның саяси тұрақ-тылығы, ішкі татулығы инвесторлар үшін еркін жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, саудиялық ірі компания басшысы  Оңтүстік Қазақстанның  бүгінгі тыныс-тіршілігімен толықтай танысып, Түлкібас ауданынан жылына 30 мың тонна ет беретін құс фабрикасының құрылысын биылғы наурыз айында бастайтындарын жеткізді.

Жалпы құны 85 млн еуроны құрайтын жоба екі кезең бойынша жүзеге асырылады. Алғашқысына 61 млн еуро жоспарланса екінші кезең үшін 24 млн еуро қарастырылыпты. Жобаны жүзеге асыру барысында балапан асырау қоралары, аналық және балапан өсіру орындары салынды. Бұдан бөлек инкубатор, бройлерлік корпус, сою цехі және жем-шөп зауыты бой көтерді.

Араб инвестициялық топ өкілдері өзге де ауылшаруашылық саласына қаржы құюға ниетті. Олар ірі және ұсақ қара малдарды өсіру жобаларын қаржыландыруға қызығушылық білдіріп, ет экспортына көмек беруді ұсынды.

Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Төтенше және өкілетті елшісі Бақыт Батыршаев шара барысында екі ел арасындағы маңызды қадамдарды баяндап, түрлі саладағы серіктестіктің дамып келе жатқандығын жеткізді.

 Облыс әкімі өзара тиімді серіктестіктің жаңа мүмкіндіктері жасала беретінін және оның перспективасына сенімді екенін айтып, Сауд Арабиясы бизнесінің өкілдеріне табыс тіледі.

Айта кетейік, Екі ел арасындағы 2015 жылы 16,3 млрд долларға жеткен тауар айналымы көлемін бүгінде айтарлықтай арттыруға мүмкіндік бар. Қазірдің өзінде Корольдік компанияларының қатысуымен Қазақстанда 17 ұйым жұмыс жүргізуде.

 

 




Яндекс.Метрика