Энергетика

ҚазМұнайГаз 2016 жылы 12 млн тонна мұнай өндірді

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ 2016 жылдың операциялық нәтижелерін жариялады.
Казахстан30 Қаңтар , 15:21

 «Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) 5 555 мың тонна (тәулігіне 112 мың баррель) өндірді, бұл 2015 жылға қарағанда 1%-ға артық. «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) 2 832 мың тонна (тәулігіне 57 мың баррель) өндірді, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 0,3 %-ға көп. Нәтижесінде, ӨМГ және ЕМГ-нің жалпы өндіру көлемі 8 387 мың тоннаны (тәулігіне 169 мың баррель) құрады, бұл 2015 жылдағыдан 1%-ға артық.

ҚМГ БӨ-нің CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларының өндіруіндегі үлесі 2016 жылы 3 767 мың тоннаны (тәулігіне 76 мың баррель) құрап, 2015 жылға қарағанда 6 %-ға кем түсті, бұл негізінен ПҚИ-дағы мұнай өндіру деңгейінің табиғи жолмен азаюына байланысты болды, деп хабарлады Ұлттық компания.

ҚМГ БӨ «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), «Қаражанбасмұнай» АҚ (CCEL), «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) үлестерін қоса алғанда, 2016 жылы 12 154 мың тонна (тәулігіне 245 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 2%-ға кем.

 




Яндекс.Метрика