Өңірлер

СҚО-да 2017 жылы астық 4,2 млн га жерге отырғызылады

Солтүстiк Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң қатысуымен ауыл шаруашылығы дақылдарының сұрыптарын ауыстыру мен жаңарту мәселесiне байланысты семинар- жиналыс өттi, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Солтүстік Қазақстан30 Қаңтар , 14:57

«Облыста орташа кеш пiсетiн ауыл шаруашылығы дақылдары сұрыптарын азайту бойынша жүргiзiлуде. Өткен жылы орташа кеш пiсетiн сұрыптар 19 пайызға, орташа пiсетiн сұрыптар 34 пайызға төмендетiлдi. Орташа ерте сұрыпты көлемi 47 пайызға артты», - делінген хабарламада.

Солтүстiкқазақстандық диқаншылар ерте пiсетiн «Омская 36» және «Астана» сұрыптарын таңдайды. Облыста сұрыптарды зерттейтiн 7 бөлiмше бар. Зерттеу қорытындысы бойынша облыста ауыл шаруашылығы дақылдарының 32 түрi өңдеуге ұсынылды. СҚО-да  2017 жылы астық 4,2 млн га жерге отырғызылады.

Осы жылы жергiлiктi бюджеттен тұқым шаруашылығы қолдауға 573 млн. теңге бөлiндi.

Кейiн семинар қатысушылары Ресей Федерациясының Мәскеу облысының «Немчиновка» ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының және Шығыс Қазақстан облысының майлы дақылдар тәжiрибелi шаруашылығының тұқым шаруашылығын дамыту бойынша әкелген бейне материалдарымен танысты.

Кездесу соңында өңiр басшысы Ерiк Сұлтанов «Қазфосфат» ЖШС–нiң бас директоры Мұқаш Ескендiровпен, сондай-ақ, «ҚазАзот» АҚ бас директорының орынбасары Тахмина Нағымановамен ынтымақтастық бойынша меморандумға қол қойылды. Бұдан басқа ауыл шаруашылығы саласы бойынша бiрқатар келiсiмдерге қол қойылды.




Яндекс.Метрика