Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

ҚР Президентінің шешімі – жарқын болашаққа жасалған баянды қадам – сарапшы

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуімен мұқият танысып шықтым. Осынау аса маңызды саяси құжат тәуелсіз мемлекетіміздің демократиялық бағытта өсіп-өркендеп келе жатқандығын кезекті рет айқындап отыр деп есептеймін, деді «Өлке тынысы» ЖШС директоры Мейрам Жанәділов Елбасының үндеуіне қатысты пікірінде.
Алматы30 Қаңтар , 12:34

«Үндеуде айтылғандай, күшті президенттік вертикаль бізге мемлекетті қалыптастырудағы алғашқы қиындықтарды еңсеру кезеңінде қажет болды. Осы кезеңде өзіміз бүгінде мақтанышпен айтып жүретін қаншама жетістіктерге қол жеткізілді десеңізші», - деді ол.

М.Жанәділов айтқандай,  Ұлт көшбасшысы осы қол жеткенмен тоқтап қалмай саяси жүйені одан ары демократияландыру қадамын жасап отыр. Мұның өзі мемлекетті басқару жүйесінің тиімділігін барынша арттырып, еліміздің әлем алдындағы беделін бұрынғыдан да жоғарылата түсетіндігі сөзсіз.

Ол айтып өткендей, бүкіл қазақстандықтардың қатысуымен жүзеге асатын жаңа реформаны жарқын болашаққа жасалынып отырған баянды қадам ретінде бағалаймын.

«Осындай түбегейлі өзгерістерді жүзеге асыру арқылы мемлекеттік құрылыстың бөгде ешбір модельдеріне ұқсамайтын өз мемлекетімізді, жауапкершілік пен біліктілікті басты орынға қоятын Үкімет пен Парламентті қалыптастыратынымыз сөзсіз. Мұның өзі болашақ толымды табыстарымыздың кепілі болмақ», - деді ол.   




Яндекс.Метрика