Мәдениетті жаңғырту

Астанада 17 саябақ пен гүлбақ салу жоспары әзірленуде

Астананың қала құрылысы кеңесі саябақтар мен гүлбақтар салу, елорда көшелерін жарықтандыру, көгалдандыру және абаттандыру мәселелерін қарады.
Астана қаласы 30 Қаңтар, 11:52

Қала әкімдігі хабарлағандай,  кеңес мүшелері ірі жасыл алқаптар жасау арқылы экожүйені жақсарту үшін қазіргі көгалдандыру бадарламасын дамытуды ұсынды. Олардың айтуларынша, бұл бағдарлама жайлы қалалық орта құруға мүмкіндік береді, соның ішінде қала сыртында да. 

 «Креативті жобалар» бағдарламасы аясында елорданың түрлі бөлігінде 17 саябақ пен гүлбақ жасау бойынша жоба белсенді әзірленуде. Олардың үшеуі бойынша жобалау жұмыстары аяқталды. 

Айта кетейік, Астананың қала құрылысы кеңесі бірыңғай сәулеттік және қала құрылысы саясатын іске асыру, қолға алынған жобалардың сапасын арттыру үшін құрылды. Кеңес отырыстары апта сайын сейсенбі күндері өтеді. Оның қызметі ұсынымдық сипатта болады.

Кеңес құрамына қалалық әкімдіктің өкілдері, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері бойынша жергілікті атқарушы органдардың, МСҚБ басқармасының басшылары, сондай-ақ жетекші сәулетшілер кіреді.

2016 жылы қала құрылысы кеңесінің 14 отырысы өтті (29 нобай жоба мен толық жобалаудың 72 жобасын түзету қаралды).





Яндекс.Метрика