Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Конситуцияға өзгеріс енгізу еліміздегі демократиялық үдерістерді жүзеге асыруда түбегейлі өзгерістерге жол ашады - Әбдібеков

Қарағанды қаласында ҚР Президенті ұсынған саяси реформаларды және конситуциялық өзгерістерді талқылауға қатысты облыс активінің жиыны өтті, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қарағанды28 Қаңтар , 15:14

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтің айтуынша, Президенттің үндеуі қоғам мен мемлекет алдында тұрған көптеген мәселелердің шешімі болды.

«Мемлекет басшысының өз ырқымен билігінің бір бөлігін басқа салаларға беруі, бұл – бүгінде өте сирек кездесетін құбылыс. Конситуцияға өзгеріс енгізу, еліміздегі демократиялық үдерістерді жүзеге асыруда түбегейлі өзгерістерге жол ашары анық», - деді аймақ басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков.

Бұдан бөлек облыс әкімі, Елбасы үндеуі дағдарыс кезеңінде және дағдарыстан кейінгі уақыттағы жұмысқа нақты бағдар беруімен қатар, Қазақстанды әлемдік қауымдастық алдындағы өз позициясын сақтап қалуына ықпал ететін зор күш пен ынта беретіндігін жеткізді. Сондай-ақ аймақ басшысы Қарағанды облысының барлық тұрғындарын Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің Қазақстан халқына арнайы үндеуінде бекітілген тапсырмаларды орындауға аянбай тер төгуге шақырды.

ҚР Президенті тарапынан ұсынылған Конституциялық реформаладарды талқылау барысында Қазақстан халықтар ассамблеясының және кәсіподақ ұйымының өкілдері сөз сөйледі. 
Кездесу қорытындысында Нұрмұхамбет Әбдібеков жиынға қатысушыларды еліміздің тағдыры шешілетін осынау істен тысқары қалмауға шақырды, сонымен қатар қала мен аудан әкімдеріне, облыстық басқарма басшыларына кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.




Яндекс.Метрика