Адами капитал

БҚО-да кәсіпкерлікті қолдауға 1,5 млрд теңге бөлінеді

Орта және шағын бизнестің дамуына жол ашатын тетіктер қарастырылған жиында облыс басшысы А. Көлгінов өткен жылы бұл бағыттағы жобалар тиімді жүзеге асқанын, ең бастысы, аудандар мен елді мекендерді қамтығанын атап өтті, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Батыс Қазақстан30 Қаңтар , 09:23

Биыл да шаруаға бейім азаматтар үшін үлкен мүмкіндіктер ашылмақ. Себебі осы жылы облыс әкімдігі мен «Даму» қоры 1,5 млрд. теңге қаржы бөліп, ол сома қала мен аудандарға 8,5 пайызбен несие ретінде беріледі.

Әр кәсіпорынның 50 млн. теңгеге дейін қаржы алуына мүмкіндігі бар. Ал облыс әкімдігі мен өңірлік кәсіпкерлік палатасы 600 млн. теңге бөліп, ауылдағы ағайын үшін 7 пайыз мөлшерлемеде несие беруді қарастырмақшы.

Аудандағы кәсіпорындарға 18 млн. теңгеге дейін қаржы беру жоспарлануда. Сондай-ақ биыл «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жеке кәсіпкерлікті қолдауға 1,6 млрд. теңге қаржы  қарастырылған.

Айта кетейік,  Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығына қолайлы өңір болғандықтан, биыл облыс бойынша 500 бордақылау алаңын  салу  жоспарлануда.

Осы жылы бөлінетін қаржы жеке кәсіпкерлер мен жаңа кәсіпті қолға алатын батысқазақстандықтар үшін үлкен қолдау болмақ. Бұл жобалар өз кезегінде жаңа жұмыс орындарының ашылуына да  жағдай  туғызады.

 

 




Яндекс.Метрика