Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Қазақстандық етті экспортқа шығару үшін стандарттарды сақтау керек - Трифонов (БЕЙНЕ)

Ресей нарығына қазақстандық етті жеткізу бойынша талаптар мен стандарттар туралы мәселелерді Ресей Федерациясының Мемлекеттік федералды ет өнеркәсібі институты оқыту орталығының жетекшісі Михаил Трифонов Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтты.
Астана қаласы 28 Қаңтар, 11:24

«Қазақстанға тәжірибе алмасу мақсатында келдім, Қазақстандағы ет нарығының жағдайы мен Ресейдегі ет өнеркәсібінің дамуы туралы ақпарат алмасамын. Ет шикізатына қандай талап қойылатынын және Ресей аумағына ет тасымалдау үшін қандай талаптарды орындау керектігі жайында пікір алмасатын боламын», - деді ол.

Сарапшы айтып өткендей, қазір Қазақстанда ет өңдеу өнеркәсіптері бар, сондай-ақ, фермерлік  шаруашылықтардың саны да жеткілікті.

«Ет шикізатын Ресей аумағына жеткізу үшін өнім ресейлік стандартқа, не болмаса мемлекетаралық стандартқай сай болуы керек. Қазіргі таңда Қазақстан мен РФ-да  өнім нарығында  тауарлардың айтарлықтай көп түрін кездестірдім. РФ-да шошқа еті мен шұжық етін өнідіретін шаруашылықтардың қатары жеткілікті. РФ-да бұл өнім түрі нарықтың  10 пайызын құрап отыр. Ресей нарығын айтатын болсақ, ет өнімін жеткізу, халал өнімін жеткізу, тауар қатарын  өсіру үшін  шұжық етін көбейтіп, шошқа етін өңдеуді арттыру қажет», - деді сарапшы.

Оның айтуынша, қазіргі таңда ұлттық стандартты мемлекетаралық стандартқа көшіру қарастырылған. Бұл стандарттар әрбір елде қарастырылады.

«Әрбір мемлекет бұл стандартқа қосылатын болса, барлық талапты орындайтын болады. Барлық ел бірыңғай стандарт бойынша жұмыс істейді», - деді ол.

Ресейде де  отандық етті қолданады, қазір шикізатты Қытайға өткізу мүмкіндігі тұр.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» ұлт жоспары шеңберінде агроөнеркәсіп кешені ел экономикасының маңызды бөлігі болып табылатынын еске сала кетейік, ол ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және оны өңдеу және тұтынушыға жеткізу салаларын қамтиды, сондай-ақ ауыл шаруашылығын және өңдеу өнеркәсібін өндіріс құралдарымен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, АӨК халық шаруашылығының маңызды бөлігі болып табылады, бұл жөнінде Президентіміздің Жолдауында айтылған. Онда ауыл шаруашылығы АӨК басты бөлімі болып табылатын агроөнеркәсіп кешеніндегі өнімділікті кемінде екі есе арттыру қажет делінген.  Ол оның негізгі өндірістік қорларының 70%-ға жуығына шоғырлана отырып, Қазақстан аумағындағы АӨК барлық өнімінің жартысынан астамын береді.

Қайрат Жандыбаев

Видео: Азамат Әлиев

 

 

 





Яндекс.Метрика