Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Венгрия туризм саласындағы ынтымақтастықты дамытуда

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Венгрия Сыртқы істер мен сыртқы сауда министрлігінің Мемлекеттік хатшысы, мемлекеттік қауіпсіздік Хатшысы Иштван Миколамен кездесті, деп хабарлады Алматы әкімінің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы28 Қаңтар , 10:36

Тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланысты нығайту мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында мегаполис әкімі екіжақты байланыстың белсенді динамикасын атап өтті: 2016 жылдың 11 айы ішінде Алматы қаласы мен Венгрия арасындағы тауар айналымы 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 27% -ға артып, 55,7 млн. АҚШ долларын құраған атап өтті.

Венгрияның Сыртқы істер мен сыртқы сауда министрлігінің Мемлекеттік хатшысы өзінің сөзінде туризм саласында екі жаққа да пайдалы үлкен потенциалдың бар екенін сөз етті. Алматыда туристер легінің артуына биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап 56 елдің өкіліне Қазақстанда 30 күн бойына визасыз жүру кестесінің енгізілгені оң ықпал ететіні белгілі, бұл режимнің Венгрия азаматтарына да қатысты екендігі айтылды.

«2017 жылғы Универсиаданы өткізу - Алматы ғана емес, барша Қазақстан үшін үлкен жетістік. Венгрия құрамасы мықты, әсіресе конькимен жүгіру спортында, біз жоғары пробалы медальдар алуға үміттенеміз», -деді Иштван Микола.

Ол Алматыдағы Универсиада нысандары туризмді одан әрі арттыруға әсер ететінін де атап өтті. Венгрияда ірі спорт нысандары жеткілікті әрі олар тиімді пайдаланылуда деді. Айтылған сындарға қарамастан, бұл инвестициялар ауқымды мультипликативті тиімділікке жетелейтіндігін айтты.

 




Яндекс.Метрика