Ұлт жоспары 100 нақты қадам

МӘМС: Әскери қызметшілерге медициналық көмек мемлекеттің есебінен жүзеге асырылады

Әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне медициналық көмек әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде (мекемелерде) мемлекеттің есебінен жүзеге асырылады.
Астана қаласы27 Қаңтар , 18:19

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қолданыстағы тетікті сақтап қалу ұсынылып отыр, оған сәйкес әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне медициналық көмек әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде (мекемелерде) мемлекеттің есебінен  әскери-медициналық (мекемелерде) бөлімшелерде, сонымен бірге, азаматтық денсаулық сақтау ұйымдарында жүзеге асырылатын болады.

Заң жобасында ӘМСҚ-ны МӘМС жүйесіндегі, сондай-ақ, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында бірыңғай төлеуші ретінде белгілеу ұсынылады.

Шетел азаматтарына қатысты қолданыстағы ҚР заңнамалары ҚР аумағында тұрақты өмір сүретін азаматтығы жоқ тұлғалар мен шетел азаматтарының ҚР азаматтарымен әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыз ету, білім беру саласындағы құқығын бір деңгейде қарастырады. Сондықтан, медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында оларға ТМККК мен МӘМС-ті қолдану құқығын Қазақстан азаматтарымен бір деңгейде қамтамасыз ету ұсынылып отыр.

Сондай-ақ заң жобасы дәрілік заттар айналымы, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар, оның ішінде ҚР ратификациялаған халықаралық келісімшарттар талаптарын үйлестіру саласында өзгерістер енгізуді қарастырады.

Әлеуметтік-еңбек қатынастарын жетілдіру мақсатында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның құзыретін міндетті алдын ала және кезеңдік медициналық қарап-тексеруді өткізу тәртібі, рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық қарап-тексерулер, рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық қарап-тексерулерді талап ететін мамандықтар тізімін анықтау бойынша белгілеу, сонымен бірге, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің зиянды еңбек жағдайдарында қосымша жұмыс істеуге шектеуді алып тастау туралы түзетулер енгізу қарастырылған.

Айта кету керек, заң жобасының тұжырымдамасын Заң жобасы қызметі мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссиясы мақұлдап, Заңның жобасын Республикалық бюджеттік комиссия мақұлдады.

Заң жобасы денсаулық сақтау жүйесінің халықаралық стандарттарды ескере отырып үздіксіз жұмыс істеуін, оның ішінде МӘМС, азаматтар мен республика аумағындағы тұлғадардың әлеуметтік-еңбек жағдайларын жақсарту қамтамасыз ететін негізгі мәселелерді қамтиды.

Қоғамдық тыңдау барысында келіп түскен ұсыныстар ҚР Парламенті Мәжілісіне заң жобасымен бірге ұсынылады.

 

 




Яндекс.Метрика