Ұлт жоспары 100 нақты қадам

ӘМСҚ-ға мемлекет тарапынан жарналар төлейтін адамдар санаты кеңейтіледі

ӘМСҚ-ға мемлекет тарапынан жарналар төлейтін адамдар санаты кеңейтіледі, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы27 Қаңтар , 17:51

Медициналық көмектің қолжетімділігі мен жалпылама қамту қағидаларын қамтамасыз ету мақсатында келесі мәселелер ұсынылады: ӘМСҚ-ға мемлекет тарапынан жарналар төлейтін адамдар санатын кеңейту ұсынылады: 18 жасқа дейінгі мүгедек балаға күтімді жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар және т.б енеді.

ӘМСҚ жарнасын төлеушілер тізімін төлем тәртібін анықтай отырып, келесі тұлғалармен толықтыру:ҚР-да аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңелген шетел мемлекетінің өкілдігінде,  шетел мемлекеттерінің консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін тұлғалар (ҚР азаматтары, оралмандар, шетел азаматтары мен ҚР аумағында тұрақты өмір сүретін азаматтығы жоқ тұлғалар);халықаралық келісімшарттарға сай салықтық міндеттемеден босатылған халықаралық және мемлекеттік ұйымдарда, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес ұйымдар мен қорларда жұмыс істейтін тұлғалар.

Сондай-ақ,  белсенді емес тұрғындар – өзге де азаматтар, оның ішінде «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР заңында көрсетілген өзін өзі жұмыспен қамтығандар, ҚР аумағынан тыс жерлерге кеткен азаматтар, шетелге тұрақты түрде қоныс аударғандарды еспетемегенде.

Аталған азаматтар санатының жарна мөлшерлемесі 5%-ды құрайды. Алғашқы екі санат бойынша жарналар кіріс көзінен, үшінші және төртінші санаттар бойынша 1 АЖК-нен алынады.

 




Яндекс.Метрика