Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Жұмыс берушілердің МӘМС-ке аударатын жарналарының көлемін едәуір төмендету қарастырылған (ФОТО)

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек салалары бойынша заңнамаға түзету енгізу жөнінде қоғамдық тыңдау өткізді, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы 27 Қаңтар, 17:23

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын ашық талқылау бойынша қоғамдық тыңдау өткізді.

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой аталған заң жобасы Қазақстан Республикасының 18 заңы мен 7 Кодексіне түзету енгізуді қарастыратынын атап айтты.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша заңға енгізілетін негізгі өзгерістер Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының кірісін, МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша қор шығындарына байланысты мәселелерді, Қор жұмысын ұйымдастыру мен МӘМС жағдайындағы дәрілермен қамтамасыз ету шараларын қарастырады.   

Алексей Цой Заң жобасында жұмыс берушілердің МӘМС-ке аударатын жарналарының көлемін едәуір төмендету қарастырылған: 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап мөлшерлеме 1 %-ды құрап, 2 есеге; 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мөлшерлеме 1,5 %-ды құрап, 2 есеге төмендетіледі; 2019 жылы – 1,5 %-ды құрап, 2,66 есеге; 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мөлшерлеме 2 %-ды құрап, 2,5 есеге; 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап мөлшерлеме 3 %-ды құрап, 1,66 есеге төмендетіледі. Ең жоғарғы жарна көрсеткіші 5%-дан 3%-ға азайды.

Халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобы үшін мемлекет төлейтін жарнаның мөлшерлемесі де төмендетілді. Ең жоғарғы жарна көрсеткіші 7%-дан 5%-ға азайды. Сондай-ақ, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мөлшерлеменің 3,75 % көлемінде; 2019 жылдың 1 қаңтарынан 4 %; 2022 жылдың қаңтарынан бастап мөлшерлеме 4 %-дан кем емес, 5%-дан артық  емес болуы ұсынылды. 

Өздігінен жұмыспен қамтылған азаматтардың жарнасы 2017 жылдың 1 шілдесінен басталып, тұрақты түрде 5%-ды құрайтын болады (бірінші жылы өсім 2,5 есе болады). Сонымен қатар, жарнаны төлеу нысаны қайта қаралды. Ол кем дегенде аталған қаржылық жылға республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген екі айлық жалақы көрсеткішін құрайтын болады.

Сурет: Бауыржан Жуасбаев





Яндекс.Метрика