Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Мемлекет басшысы елдің саяси құрылымы тұрғысынан жаһандық мәселелерді шешуде – Сарыбаев

Мемлекет басшысы елдің саяси құрылымы тұрғысынан жаһандық мәселелерді шешуде, деп Елбасының үндеуіне қатысты «Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев өз пікірін білдірді.
Алматы27 Қаңтар , 20:14

«Қазақстан ширек ғасырда бейбітшілік пен келісім салтанат құрған көпұлтты халықтың алтын бесігіне айналды. Соның арқасында еліміздің әлемдік аренадағы абырой-беделі артып, республикамызға миллиардтаған инвестициялар тартылуда», - деді ол.

Ол айтқандай, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болуымыз бен Астананың EXPO-2017 көрмесін өткізу мәртебесін жеңіп алуы да соның айқын дәлелі.

«Елбасы еліміздегі елеулі мәселелерді шешумен қатар мемлекеттік басқарудың заманауи, тұрақты, ұтымды үлгісін қалыптастыруды да қарқынды жүргізуде. Бұл батыл қадам парламент пен үкіметтің өкілеттіліктерін арттырып қана қоймай, оларға қабылдаған шешімдеріне сәйкес жауапкершілік жүктейтінін де ескеру керек», - деді Ғ. Сарыбаев.

Елбасының 25 қаңтарда Қазақстан халқына жолдаған Үндеуінде бірнеше маңызды мәселелер қозғалды. Соның бірі - жаңа саяси реформа аясында Парламенттің рөлінің күшейтілуі. Парламент сайлауында жеңген партия Үкімет құрамын анықтауға түбегейлі ықпал етпек.

Бұл өз кезегінде министрліктердің жауапкершілігін арттыруға  бірден-бір себеп. Осы орайда «Нұр Отан» партиясының бүгінгі қоғамдағы беделі мен халық сенімінен шығуы партияның белсенділігі мен абыройын анық көрсетеді. Елбасының сындарлы саясатын, жаңашыл бастамалары мен бүгінгі күн сұранысына сәйкес батыл қадамдарын нұротандықтар әрдайым қолдайды. Біздің абыройлы міндетіміз – ел тыныштығы мен саяси жүйенің қарапайым халыққа толыққанды қызмет етуі. Бұл салада атқарылып жатқан шаруалар аз емес.

«Бүгін біздің қатарымызда республика бойынша миллионнан астам нұротандықтар бар. Партия қатары білімді азаматтармен,  жастармен  күннен күнге толығуда. Алматы облысының 338 Бастауыш Партия ұйымдары Елбасының Үндеуі мен еліміздің Конституциясына енгізілетін өзгерістер жобасын қоғам арасында барынша кең насихатталуы мен қоғамдық талқылаулар арқылы бұл бастаманың негізгі бағыттарын айқындауды қолға алады», - деді ол.  

Қашанда ұрпақ қамын ойлайтын Мемлекет басшысының Конституция кепілі ретінде қабылдаған жаңа тарихи шешімі қазақ қоғамындағы саяси тұрақтылық пен экономикалық қарқынды дамудың нақты дәлелі деп білемін.




Яндекс.Метрика