Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Украина теміржол саласындағы машина жасау байланысын дамытуда

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаевтың Киевке (Украина) жұмыс сапары аясында Украинаның бірқатар инфрақұрылым министрімен «Укрзализныця» АҚ басқарма төрағасымен, «GE Transportation” американдық компания өкілдерінің қатысуымен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Астана қаласы27 Қаңтар , 14:56

GE Transportation – жаңа буынды Эволюшн сериясындағы локомотивтер шығаратын «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ компаниясының серіктесі болып табылады.

«Украина инфрақұрылым министрі В. Омелян мен   «Укрзализныця» АҚ басқарма төрағасы В. Балчунменмен кездесулер кезінде қазақстандық теміржол көлігі машинасы өнімдерін (локомотивтер, вагондар, жолдың үстіңгі қабатына қажетті материалдар)     Украинаға жеткізу, сондай-ақ екі ел арасындағы жүк айналымын өсіру, Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) әлеуетін тиімді пайдалану жайы қарастырылды», - делінген  хабарламада.       

Кездесу соңында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Укрзализныця» АҚ арасында серіктестік орнату турасындағы тиісті құжаттарға қол қойылды. Ол арқылы  таяу арадағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмыс жоспары белгіленді.




Яндекс.Метрика