Адами капитал

200-ден астам кадеттік ҚҚ әскерлерінде практикалық тәжірибе жинақтауда

Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусында білім алып жүргендер әскерлерде тәжірибе жинақтауда. Оқуды биыл бітіретін роталардың 200-ден астам кадеті екі ай бойы Қарулы Күштердің әскери бөлімдерінде мотоатқыштар және десанттық-шабуылдау бөлімшелерінің командирлері лауазымдарында әскери қызметтің ерекшеліктерін зерделейді, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.
Казахстан27 Қаңтар , 20:39

Әскерлерде тәжірибе жинақтау кезінде кадеттіктерге жауынгерлік даярлық пен жауынгерлік атыс бойынша сабақтарды өткізуде, қару-жарақ пен әскери техникаларды пайдалануда жеке құрамды өз бетінше басқаруда барынша практикалық тәжірибе жинақтауы, сондай-ақ жетекшілік және командалық-әдістемелік дағдыларды пысықтауы қажет. Болашақтағы кіші командирлер үшін әскери тәртіпті зерделеу кезінде бұл өздерінің алған теориялық білімін тексеруге және зерделеу негізінде әскери бөлімдердің жұмыс тәжірибесін нығайтуға мүмкіндік береді.

Командирдің тапсырмаларын толық түсіну үшін олар күн тәртібі мен жауынгерлік даярлықтың барлық элементтерін жауынгерлермен бірге орындай отырып, өзіне сеніп тапсырылған жеке құраммен бірге казармада орналасады. Биылғы жылы тәжірибе жинақтау бөлімшелердің жиналған кезеңіне жоспарланған. Бұл өз кезегінде жас кадеттіктерге жауынгерлік атыстың көрнекі әдістемесін жүргізумен танысуға мүмкіндік береді.

Жарты жылдан кейін әрбірі өз қызметіне кіріскелі тұрған кадеттіктер үшін әскери тәжірибе Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен бөлімшелеріндегі нағыз әскери қызметті көру мүмкіндігі екенін айта кеткен жөн.

Яндекс.Метрика