Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Биліктің сот тармағы еліміздің саяси-құқықтық жүйесін жаңғыртуға өз үлесін қосады – Мәми

Биліктің сот тармағы еліміздің саяси-құқықтық жүйесін жаңғыртуға өз үлесін қосады, деді Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми 2016 жылғы әділет атқару қорытындылары бойынша өткен жоғарғы сот органы судьяларының кеңейтілген кеңесі барысында.
Астана қаласы27 Қаңтар , 11:21

«Президенттік билік институтының біздің еліміз үшін маңыздылығы Конституцияда көзделген және ол біздің бүгінгі дамуымызды, тарихымызды, мәдениетіміз бен дәстүрімізді болжайды. Мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі Парламент пен Үкіметтің елдегі істердің ахуалы үшін жауапкершілігін күшейту туралы мәселені алға қояды. Биліктің сот тармағы да еліміздің саяси-құқықтық жүйесін жаңғыртуға едәуір үлесін қосады», - деді Қайрат Мәми.

Жоғарғы соттың алғашқы ұсыныстары сот құрылысы мен сот ісін жүргізу мәселелеріне, сот жүйесінің Үкіметпен, Парламентпен және басқа мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынастарына қатысты.

«Осыған орай, ұсынылып отырған шараларды кеңінен талқылау, өкілеттіктерді бөлуді заңнамалық түрде қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс атқаруға тура келеді», - деп түсіндірді Қ. Мәми.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика