Халықаралық интеграция

Германияның Парламенті Қазақстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады

Қазақстанның Германиядағы елшісі Болат Нүсіпов Германия Бундестагының Халықаралық істер және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Норберт Ретгенмен кездесті, деп хабарлады ҚР СІМ.
Әлемде27 Қаңтар , 15:16

Тараптар халықаралық күн тәртібінің мәселелерін талқылады, сондай-ақ Қазақстан мен Германия арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығына орай Қазақстан-Германия екіжақты қарым-қатынастарын кеңейту мәселелерін қозғады.

Кездесу барысында  Н. Ретген Германия Федеративті Республикасының Парламенті Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялағанын хабарлады. Неміс саясаттанушысы бұл қадамның елдер арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың одан әрі дамуына күшті серпін беруге арналғанын атап өтті.




Яндекс.Метрика