Парламент

Қазақстанда стандарттау бойынша техникалық комитеттердің мәртебесі жоғарылайды – ИДМ

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Бірінші Вице-министрі Альберт Рау Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарына стандарттау саласындағы жаңа заңнаманы, сондай-ақ өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін ілеспе заң жобасын таныстырды.
Астана қаласы27 Қаңтар , 12:36

Өз кезегінде, Альберт Рау  техникалық регламенттер мен стандарттау әртүрлі заңнамалық актілермен регламенттелуі тиіс екендігін атап өтті. Міндетті салада Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы»  Заңы және ерікті салада ұсынылып отырған  Қазақстан Республикасының  «Стандарттау туралы» Заң жобасы арқылы регламенттеледі.

 Жаңа заңнама стандарттау мен метрология саласындағы халықаралық үлгіні енгізуге бағытталған, деп хабарлады ИДМ.

«Бұл құжат стандарттау саласындағы кызметті жүзеге асырудағы субъектілердің қарым-қатынасы мен  ұлттық стандарттау жүйесін заң жүзінде  бекітеді. Сондай-ақ стандарттаудың мақсаты, міндеті, стандарттаудың принциптері, қызметі,  стандарттау субъектілерінің құзыреті мен өзара іс-қимылы  нақты көрінеді - деді Бірінші вице-министр.

Бұл ретте, заңнамада алғаш рет стандарттау жөніндегі ұлттық органның жүйесі қарастырылып, техникалық комитеттердің мәртебесі артты. Сондай-ақ стандарттау саласындағы техникалық сарапшылар бойынша басқа да заңнамалық актілер енгізіледі.

«Ұсынылған Заң жобаға сәйкес  ұлттық орган консенсус негізінде барлық мүдделі тараптардың  стандарттарын қабылдауға жағдай жасайды. Осының нәтижесінде бәсекеге мүмкіндік беретін, ішкі және сыртқы нарықтарда сенім туғызатын стандарттар болуы тиіс», - деді Альберт Рау.

Ұлттық орган ҚР Үкіметі белгіленген талаптар негізінде айқындалған мемлекеттік заңды тұлға болып табылады. Стандарттау бойынша халықаралық ұйымдармен  келісімдер болғандықтан стандарттарды талдаудағы және  әзірлеудегі тәжірибе ескеріледі.

Заңнаманы таныстыру барысында заң жобасының, мысалы, стандарттау, бірыңғай терминология және стандарттау процесіндегі қызметін күшейту сияқты негізгі ережелері түсіндірілді. Бірінші кезекте, тексеру орнына эталондарды калибрлеу енгізіледі. Қосарланған шығыстарды  алып тастау үшін (аспапты калибрлеу  және тексеру қажет болған жағдайда)  калибрлеуді тексеру нәтижелері бойынша рәсімдеу мүмкіндігі көзделеді.

Депутаттар тарапынан  техникалық реттеу және стандарттау саласындағы   құқықтық нормалардың өзгеру мәселелері бойынша бірқатар ұсыныстар  айтылды. Бұл ұсыныстар жұмыс барысында ескерілетін болады.




Яндекс.Метрика